19.06.2020, 16:05
Оқылды: 35

Жәнібекте тынымбақ құрылысы аяқталуға таяу  

Бұдан бұрын Жәнібек ауданы орталығындағы А.Иманов атындағы көшеде орналасқан тынымбақты қайта жаңғырту жұмыстары басталғанын жазған болатынбыз.
70A1E973-B634-4C44-A639-63F2DE233B78
Тағы еске сала кетейік, тынымбаққа өрнектас төселіп, жаңадан субұрқақ орнатылады. Сонымен қатар жарық шамдары, демалуға арналған орындықтар қойылады.

D901A557-9C8B-4363-A7F7-5389ED186988

Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Арман Түйебаевтың айтуынша, келісімшарт бойынша құрылыс монтаждау жұмыстарының құны 43 979 мың теңгені құрайды. Күні бүгінге жұмыстың 85 пайызы атқарылып, құрылыс биыл маусымның соңында аяқталуға тиіс.

Г.Төреғалиева,

Жәнібек ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале