23.06.2020, 10:39
Оқылды: 21

Қазақстан Президенті коронавирустан қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты

«BIZ BIRGEMIZ» онлайн форумда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан қайтыс болған адамдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

6946F572-1CAA-41D5-AEB4-4F464BC30463

«Бүгінде әлемдегі барлық елдер, соның ішінде Қазақстанда коронавирус індетіне қарсы күрес жүргізілуде. Бұл, әрине, өте ауқымды әрі күрделі жұмыс. Осыған орай мемлекет тарапынан теңдессіз шаралар қабылданды. Коронавируспен күресу үшін бюджеттен қомақты қаражат бөлінді. Тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік таратылды. Шағын және орта бизнес өкілдеріне бірқатар жеңілдік жасалды. Елбасының бастамасымен құрылған «Біргеміз» қорынан да көлемді қаржы бөлініп, мұқтаж жандарға нақты көмек беріліп жатыр», - деді Мемлекет басшысы. ҚР Президенті бұл жұмысты Nur Otan партиясы белсенді түрде жүзеге асырып жатқанын баса айтты. «Осының бәрі бірлігіміздің бекемдігін көрсетеді. Дегенмен, бұл аса жұқпалы дерт азаматтарымыздың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп, халықтың әл-ақуатына нұқсан келтіруде. Ең алдымен осы кеселден қайтыс болған адамдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Сондай-ақ вирус жұқтырғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

  zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале