7.07.2020, 12:18
Оқылды: 48

Өңірлік кәсіпкерлер палаталары жанындағы Өңірлік кеңестерге мүшелерді сайлау басталады

Өңірлік кеңестерге кандидаттардан өтініш қабылдау 7 шілдеде басталады.

40EED0D8-ED1C-4FCC-B03A-70ACD0B9B295

Құжаттарды офлайн нысанда кәсіпкерлер палаталарына немесе онлайн нысанда vote.atameken.kz сайты арқылы жіберуге болады.

Кандидаттар өңірде тіркелген кәсіпкерлер, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен ӨКП-да аккредиттеуден өткен қауымдастықтардың бірінші жетекшілері немесе қауымдастықтың орындаушы органының мүшелері арасынан сайланады.

Өңірлік кеңес мүшелігіне үміткер келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:

• Қазақстан Республикасының азаматы болуы;

• өңірдің әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді қатысушы болуы;

• кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болуы;

• өңірде жария тұлға болуы;

• кәсіпкерлер арасында және қоғамда оң беделге ие болуы;

• бизнесінің тарихы оң болуы;

• әлеуметтік жауапты кәсіпкер болуы;

• облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаты болуы құпталады;

• Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болмауы тиіс.

7-15 шілде аралағында кандидаттарды таныстыру, ары қарай 16-19 шілде аралығында үгіт-насихат жұмыстары басталады, ал дауыс беру онлайн режимде 20-22 шілде аралығында өтеді.

A97BD94D-4FE4-466D-A060-F6A94CB893B7

Облыстық кеңестің 60%-ы облыс орталығындағы кәсіпкерлік субъектілерінен және Өңірлік палатада аккредиттеуден өткен қауымдастық (одақ), өзін-өзі реттеуші ұйымдардан, ал 40%-ы аудандардағы кәсіпкерлік субъектілерінен құралады.

Толық ақпарат vote.atameken.kz сайтында жарияланған, сондай-ақ сайлау жайында ақпаратты 1432 call-орталығынан алуға болады.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале