20.07.2020, 11:58
Оқылды: 42

Өңір жастары су жүргізіп беруге де ынталы

Коронавирус пандемиясы белең алған уақытта қаншама жастар белсендісі мұқтаж жандарға қолұшын созуға асықты. Соның ішінде Ақ Жайық өңірі жастарының да еселі еңбегін айтпай кетуге болмас.

F5589082-B0D4-4AF4-BDD3-9CF22232B1C5

Осындай сындарлы сәтте Қазақстан халқы БҚО Ассамблеясы жанындағы «Достық» клубының жетекшісі Талғат Шудабаев бастаған өңір жастары алдымен Орал қаласындағы №2 саяжай мен Құс фабрикасы аумағында тұратын екі бірдей жалғызбасты анаға қолұшын созды. Екі отбасы да сапалы ауыз суға мұқтаж отбасылар санатынан боп шықты.

E94C3C23-6CC3-4F0F-8D89-BB5F84F0B992

Жалғызбасты аналардың жағдайымен етене танысқан жастар белсенділері бірігіп алдымен қаражат жинайды. Жиналған қаражатқа құдық қазып, су жүргізеді.

- Біз қайырымдылық шараларын жүргізе отырып, өңірімізде тіршілік көзі сапалы ауыз су тапшылығын көріп отырған жандар бар екендігіне көз жеткіздік. Сол себепті Жаңақала, Тасқала, Қаратөбе, Сырым аудандарындағы жекелеген ауылдардағы суға мұқтаж отбасыларға құдық соғып беру, болмаса су құбырын тартып беру ісін қолға алдық.

Өткен аптада Сырым, Қаратөбе аудандарында болып қайттық. Сырым ауданының Көздіқарасында - 2, Аралтөбе ауылында 1 тұрғынның үйіне сапалы ауыз су жүргізіп беру мәселесімен айналысудамыз, - дейді Т.Шудабаев.

Айта кету керек, көмекке мұқтаж тұрғындарға су құбырын тартып, қосып беруде «Батыс су арнасы» ЖШС бас директоры Қайырғали Имашевтың еңбегі ересен. ЖШС басшысы суға мұқтаж отбасыларға бригаданы уақтылы жіберіп, жеңілдетілген бағамен су құбырын жүргізуге жәрдемдескен.

Ертай Бимұханов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале