21.07.2020, 12:40
Оқылды: 55

Орталық мешіттің найб имамы жедел жәрдем қызметкерлеріне ыстық сорпа таратты

 Орал орталық мешітінің наиб имамы Бақытжан Сабралиевтің бастамасымен қайырымдылық шара жасалды.

8A54341B-F250-420F-807F-DB20B1493F96

  Бақытжан Құралбайұлының отбасы атынан Орал қаласындағы үш жедел жәрдем орталығына, мүгедектер үйіне арнайы барып, қой етінен жасалған сорпаны таратылды. Ауруға қарсы иммунитет көтеруде халықтың дәстүрлі ет-тағамдарының рөлі зор екендігі баршаға аян.

   - Қазіргі таңда індетпен ауырып жатқан адамдарға жедел жәрдем қызметкерлерінің еңбектері өте зор. Біздің азғантай ниетімізге разы болып, алғыс айтып жатыр, - деді Бақытжан Құралбайұлы.

285FDCD5-3CAA-4B89-BE74-D6EBBF8DAFD9

  Наиб имам сонымен қатар өңір халқына карантин талабын қатаң сақтап, індеттен барынша абай болуды үндеді.

  Бұл игі істі жедел жәрдем қызметкерлері мен мүгедектер үйінің ұжымы зор ризашылықпен қабылдады.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале