22.07.2020, 10:29
Оқылды: 48

Наргиза мен Естай универсиадаға барады!

Переметныйлық Наргиза Иргусаева мен Естай Кенгесбаевтың есімдері спорттық бағдарлау жанкүйерлеріне жақсы таныс.

95AA9062-79A6-459C-8693-FEB19F2C269E

Жастайынан талай бәсекеге қатысып, өңір намысын біраз байрақты жарыста абыроймен қорғаған қос дүлдүл осы күні студент. Бірі Еуразия институтында, бірі Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да оқиды. Оқумен қатар спортты да жандарына серік еткен қос қыран өткен жылы бүкіләлемдік студенттер ойынына жолдама жеңіп алған-ды. Бүкіләлемдік студенттер ойынына дайындықтарын бастаған бәйтеректік қос батыр көктемнен бері уайымға қалды. Пандемия өршіп, Токио олимпиадасы мен Еуро-2020 додасы кейінге шегерілді. Көп спортшы дайындық жұмыстарын тоқтатып, жаңа циклге көшті. Талай жыл дайындалған универсиадаға біздің өрендер бара алмай қала ма деген ой бізді де, жанкүйерлерді де мазалады. Маселенің анық-қанығын білмек үшін спортшылардың бапкері Серік Хайруллинге хабарластық.

CBFAEBAE-A1B9-4D92-A782-C8C8F1B0183D

-Біздің спортшылар үшін бүкіләлемдік студенттер ойынына қатысу үлкен мәртебе. Оқушы кезінен күні бүгінге дейін өзім жаттықтырған қос шәкіртімнің универсиада жолдамасын иеленгеніне қуанып жүрген едік. Вирус барлық жоспарымызды бұза жаздады. Десе де универсиада өтетін болды. Күні кеше осыған жауапты федерациядан хабарласып, дайындықты күшейте түсу керек деген тапсырма алдық,-деді Серік Құрманғазыұлы.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале