Әлемді шарпыған коронавирус індетімен күрес елімізде де қарқынды жүргізілуде. Қауіпті дерттің таралмауы үшін дәрігерлер мен науқастарға көмек қолын созуға ел азаматтары мен демеушілер де көмектесуде.
Қаратөбелік, қазіргі таңда Ақсай қаласында тұратын Арман Елеусінов пен оның зайыбы Алма Елеусіновалар тарту жасап, жерлестерін қуантып тастады.
Демеушілікпен арнайы алынған екі оттегі концентраторының 1-уі Қаратөбе аудандық орталық ауруханасының провизорлық бөліміне, 1-уі Сулыкөл дәрігерлік амбулаториясына берілді.
- Қауіпті індетпен күресу үшін Қаратөбе аудандық орталық ауруханасында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Санитарлық талаптар күшейтіліп, коронавирус инфекциясын ауыздықтауға барша ақ халаттылар жұмылдыруда. Кәсіпкерлер мен қоғам белсенділері қол ұшын созып, ниеттерін білдіруде. Осындай қиын уақытта мұқтаж адамдарға моральдық және материалдық көмек көрсетіп жүрген барлық азаматтарға алғыс айтамыз, - дейді Қаратөбе аудандық орталық ауруханасының директоры Венера Жәукенқызы.
Серікбай Хасанов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz