24.07.2020, 18:13
Оқылды: 51

БҚО әкімі Орал қаласында жол қауіпсіздігіне байланысты жоспарлы жұмыстарды кешеуілдетпеуді тапсырды

Бүгін облыс әкімдігінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен Орал қаласындағы жол қауіпсіздігін күшейту мәселесі бойынша жиналыс өтті.

E3741CB3-1A38-4BC5-86EE-66ABDE12713D

Отырыс барысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша облыстық полиция департаменті мен қала басшылығына өңір басшысы ескертулер жасап, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Облыс орталығында жол қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі жоспар биылғы ақпан айында жасақталған болатын.

Отырыста бекітілген жоспар бойынша ағымдағы жұмыстар жөнінде Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков баяндады.

B8068F1E-BD2F-43D5-83A9-66EE8BA66C53

Бүгінгі таңда жаяу жүргіншілер жолағы аумағына 40 бағдаршам орнатылуда. Бұл жұмыстарды жүзеге асыруда мердігер - «Жайық жарығы» ЖШС.

8 көшеге - соның ішінде М.Мәметова көшесі («ҚазИИТУ» аялдамасы), Құрманғазы көшесі («Орал» СҮ маңы), Әбілхайыр хан даңғылы (ДОСААФ, «Қазақстан» кинотеатры, 4 шағын аудан. №42 орта мектебі аудандары), Гагарин көшесі («Балабақша» ауданы аумағы), Жәңгір хан көшесі (БҚУ аялдамасы), С.Датов көшесі («Ел ырысы» ауданы аумағы) бағдаршамдар орнатылды. Биылғы 11 қыркүйекке дейін 32 бағдаршам қойылмақ.

Жоғарыдағы мердігермен 3 автомобильдік бағдаршам: Айтқұлов көшесі, Орал автожолы – Тасқала, Орал автожолы – Тасқала және  Брусиловский көшесі, Орал автожолы – Тасқала және. Х.Доспанова көшелері қиылысын қамтиды.

Сонымен қатар Орал – Тасқала автожолындағы Деркөл бұрылысында, Орал – Желаев автожолындағы Қонаев көшесі бұрылысында және Нефтяников және Шолохов «АлауГаз», Орал – Желаев автожолындағы Қызылжар, Көкшетау және Махамбет ақын, Московская және Төле би, Московская және Қазыбек би, Асан ауылына бұрылыстағы С.Датов көшелеріне автомобильдік бағдаршамдар орнату жоспарланып отыр.

Жаяу жүргіншілер жолына жасанды кедергінің жоспарланған 50 данасының 28-і жасалынды. Жүргіншілер қиылысында, соның ішінде Әбілхайыр хан даңғылы (ДОСААФ, «Қазақстан» кинотеатры, «Жигули» ауданы,  62 үй, Қонаев шағын ауданы, оның ішінде «Мастер» СҮ), Кердері көшесі Дәулеткерей көшесі қиылысында жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

БҚО полиция департаментімен бірлесе патрульдік автомобильдерге «Арқан» бойынша 6 видеофиксация сатып алынып орнатылды.

Бұл жүйенің ерекшелігі сол - жол қауіпсіздігі оқиғалары, соның ішінде көліктерді айдап әкету, жол ережелерін бұзу, сақтамау, барлығы автоматты түрде жазылынып, ІІД базасында тіркелуінде болып отыр. Жабдықталған патрульдік автомобильдер апта ішінде жұмыстарын бастайды.

Сонымен қатар биылғы қазан айына дейін Департаментпен бірлесе автомобиль жолдарында 40 жылдамдықты анықтау құралы, 200 бейнеқондырғы, 14 жерде «интеллектуалды қиылыс» автоматты жүйелері орнатылады.

Бүгінде Орал қаласындағы мектептерде жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, акциялар, челлендждер жүргізіліп, аудио-видео материалдар тартылды.

Облыс әкімі Ғ.Есқалиев тамыз айының орта шенінде қорытынды жиналыс өтетіндігін атап өтті.

- Алда өтетін жиналыстарда жоспарды жүзеге асыру бағытындағы баяндамаларды тыңдайтын боламыз.

Бүгінгі таңда белгіленген нысандарға қаражат бөлінген. Техникалық сипаттаманы дайындауда көмектер көрсетілді. Бастысы, жүйелі жұмыс жасап, уақытында тендер өткізіп, мердігерлермен жұмыс жасау қажет, - деді облыс әкімі.

Өңір басшысы жаңа оқу жылы қарсаңында бағдаршамдар мен бейнекамералар қалыпты жұмыс жасауы тиіс екенін баса айтты. Осы қондырғылар адам өмірінің қауіпсіздігін сақтауда маңызды рөл атқарады.

Мердігерлердің жұмысты атқаруға күші жетпесе, облыс әкімі қосымша мердігерлер табуды тапсырды.

- Біздің қолымызда қаламызды әдемі әрі қауіпсіз қалаға айналдыру үшін барлық мүмкіндік жеткілікті. Бастысы, осы салаға қатысты органдармен бірлесе жұмыстану. Полиция департаменті қауіпті учаскелерді ашық айтуы тиіс. Нақты шешімдер қабылдау үшін ай сайын өзара ақылдасып, кеңесіп отыратын боламыз.

Ал автобустарда жол ережелерін сақтау жөніндегі ақпараттар жолаушылар мен тұрғындарға оң әсер ететіндей болуы тиіс. Мәдениетті түрде әлеуметтік жарнамалар жүргізілгені абзал. Осылай біз халықтың санасына сіңіре аламыз, - деді БҚО әкімі.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале