27.07.2020, 16:24
Оқылды: 42

Гуманитарлық көмек Қаратөбеге де келді

Гуманитарлық жүк «ДОС» қоғамдық ұйымынан Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік бөліміне келіп, одан әрі халыққа таратылу көзделген. БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Ресейден келген гуманитарлық көмекті Қаратөбе ауданына да жіберді.

DC177C31-FC44-4276-BE1B-A65A2236EB68

27 шілде күні аудандық ауруханаға медициналық маскалар, дәрі-дәрмектер, қолғаптар және антисептикалық құралдар, сондай-ақ электрондық термометрлері бар гуманитарлық жүк жеткізілді.

- Осындай қайырымдылық жасап жатқан ресейлік ағайынға алғысымыз шексіз, - дейді аудандық қоғамдық келісім төрағасы Мәулен Қожахметов.

 Маралбек Сүлейменов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале