Бүгін Қаратөбе ауданы әкімі орталық ауруханада болып, төрт оттегі концентраторын табыстады.
Айта кету керек, аталмыш құрылғылардың біреуін «Сұңқар» ШҚ жетекшісі Айбар Біралиев, біреуін «Жолымбет» ШҚ, мемлекеттік қызметкерлер бір дана және өзге де кәсіпкерлер бірлесіп, бір дана оттегі концентраторын алып берді.
-Жанашыр азаматтар науқастарға үлкен көмек көрсетуде. Қазір еліміздегі жағдай күрделі. Осы сәтте бізге керек басты құрал – оттегі концентраторы еді. Бұл аппараттар бізге, науқастарға үлкен көмек болды. Сол үшін осындай игі іс жасаған азаматтарға алғысымызды айтамыз. Жақсылық жасаудан жерлестеріміз қалыс қалмауда - дейді аудан әкімі Жанат Асантаев.
Маралбек Сүлейменов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz