2020-2021 жылдың мал қыстағына облыс бойынша 809,1 мың шартты ауыл шаруашылығы малдары кіреді деп жоспарланып отыр. Осы мерзімге шөпке қажеттілік 1616 мың тоннаны құрап отыр.
Облыс аудандары ұсынған мәліметіне сәйкес бүгінгі таңда 830 мың га шабындық шабылды. Облыстағы орташа өнімділігі 3,8 ц құрап, 317 мың тонна шөп әзірленді. Бұл жоспардың 19,6% -ын құрайды. Өткен жылдан қалған шөппен қоса есептегенде барлығы 808 мың тонна шөп даярланды. Бұл жалпы қажеттіліктің 50%-ын құрайды. Жалпы науқанға 2,6 мың дана орақ қатысуда.
- Егін жинау жұмысының барысына тоқталатын болсақ, облыс бойынша егілген дәнді дақылдар алқабы 231,3 мың га (күздік дәнді дақылдар – 82,5 мың га, жаздық дәнділер – 148,8 мың га) құрады.
Майлы дақылдар алқабы 118 мың га құрады (күнбағыс - 52 мың га, мақсары – 65 мың га), бұл 2019 жылғыдан 39 мың га артық.
Картоп, көкөніс-бақша дақылдары 9,3 мың га отырғызылды.
(соның ішінде картоп – 4,2 мың га, көкөніс – 3,4 мың га, бақша дақылдары – 1,7 мың га).
Қазіргі уақытта облыста жиналатын 231,3 мың га дәнді дақылдардың 67,4 мың га (29%) алқабы орылып, 21,7 ц/га орташа өнімділікпен 146,0 мың тонна астық алынды. Оның ішінде күздік бидай бойынша 55,1 мың га алқабы орылып, 23,5 ц/га орташа өнімділікпен 129,8 мың тонна өнім алынды. Күздік қара бидай бойынша 7,9 мың га алқабы орылып, 16,2 ц/га орташа өнімділікпен 12,8 мың тонна өнім алынды. Ал жаздық бидай бойынша 1,5 мың га алқабы орылып, 7,4 ц/га орташа өнімділікпен 1,1 мың тонна өнім алынды. 2,9 мың га арпа алқабы орылып, 8,1 ц/га орташа өнімділікпен 2,3 мың тонна өнім алынды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау жұмыстары жалғасуда, - дейді Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сатқан Өмірзақов.
Ертай Бимұханов,
zhaikpress.kz