Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылының осыдан 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектері ауылдастарына ерекше сый жасады. Олар Жақсыбай көлінен арғы жағаға қатынайтын жаяу адамға арналған аспалы көпірді жөндеді. Құны 500 мың теңгеге күрделі жөндеуден өткен көпір қайта пайдалануға берілді.
Аталған ауылдың 2000 жылғы түлегі Алмас Сариев карантинге байланысты түлектердің жылда өткізетін дала қызықтарын тоқтатып, оның орнына ауылға қажет игі іс жасауды ұйымдастырғандықтарын айтады.
«Өзіміз туып-өскен ауылға көмектеспегенде кімге көмектесеміз? Ауылда жүргесін көпірдің ескіргенін көріп жүрміз. Жан жақта жүрген сыныптастар бірауыздан келісіп, қаржы жинадық. Осылайша көпірді жаңартып, туған ауылға тарту еттік. Ауылдастардың алғысына бөленгеннің өзі зор қуаныш»,-дейді ол.
Ә.Қуанғалиева,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz