Кеше БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Мейірбек Нұркен Казталов аудандық ауруханасына бір оттегі концентраторын сыйға тартты.
Мейірбек Асқарұлының айтуынша, осы аппаратты алуға белгілі асаба, шоумен Құдайберген Сұлтаняров мұрындық болған. Ол инстаграм парақшасындағы оқырмандарынан қаражат жинап, өңірімізде тараған жаман дертпен күресуге күш біріктіріп отыр. Сонымен бірге "Дәулеттен", "Айдын нұры" қайырымдылық қорларының демеушілігімен Ақжайық ауданына - 1, Сырым ауданына - 2, облыстық ауруханаға 2 оттегі концентраторы сыйға тартылыпты. Алдағы уақытта осындай аппараттарды басқа да аудандарға алып беру жоспары тұрғаны туралы айтты.
Жастардың пандемия кезінде ерікті болып, халыққа қол ұшын созуы көпшілікке үлгі болары сөзсіз.
Қайрат Жақып,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz