29.07.2020, 22:40
Оқылды: 74

«Мектепке жол» акциясы атсалысуға шақырады

"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы жыл сайын шілде-қыркүйек айларында ұйымдастырылған болатын.
504B0878-6BF7-430E-A3DC-1A2E08557916

2019 жылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес акция жыл бойы өтетін форматқа ауыстырылды.
«Атамекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтінімдерін қалдыра алатын «Мектепке жол» платформасы құрылды.
Өз кезегінде демеушілер мен меценаттар ақшалай қаражатты онлайн-аудара отырып осы портал арқылы көмек көрсету бойынша өз ниеттерін жүзеге асыра алады.
Бұл платформа тұрақты түрде жұмыс жасай отырып, жаңа тәсілдер арқылы көмек көрсетудің мәдениетін қалыптастыруға, оның ашықтығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
2019 жылы акция барысында әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасының 18 201 балаларына 134 453 мың теңгеге көмек көрсетілді.
Ата-аналардан немесе заңды өкілдерден түскен өтініштер ұлттық білім беру дерекқорының мәліметтерімен салыстырылатын болады, одан кейін көмек атаулы түрде бөлінетін болады.
Ағымдағы жылы акция «Компьютер сыйла», «Планшет сыйла», «Ноутбук сыйла» тақырыбымен өтеді. Жылдағыдай мектеп формасын сатып алу міндеттелмегендіктен, оқушыларға білім алуға қажетті компьютерлік техниканы сатып алу көзделді.
Білім басқармасы қашықтан оқыту форматында басталғалы отырған жаңа оқу жылының қарсаңында "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы шеңберінде облысымыздың барлық азаматтарын көмек қажет ететін оқушыларға планшеттер немесе компьютерлер сатып алып беруге көмек қолын созып, атсалысуға шақырады.

Үміт Жәңгірова,
БҚО білім басқармасының баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале