Жыл сайын тамыз айы басталысымен Жалпақталда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталып, тұрғындар қолжетімді бағаға ауылшаруашылық өнімдері мен көкөністерге қарық болып, оны ұйымдастырған жергілікті билікке өздерінің алғыстарын жаудыратын.
Биыл да сол үрдіс жанды жалғасын тапты. Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай жеке кәсіпкер Дархан Догоров жалпақталдықтарға арнап Орал қаласының бағасымен теңестіріп азық-түлік өнімдерін саудаға шығарды.
-Бүгінгі қиын жағдай тұсында жергілікті халыққа қайырымдылық жасап, қолжетімді бағамен азық-түлік тауарларын сатып жатқан Дархан мен Альбинаға барлық ауылдастарымыздың атынан алғысымызды білдіреміз. Ел жағдайында кәсібін дамытып, жерлестеріне жақсылық жасап отырған олардың еңбектеріне толайым табыс тілейміз. Құрбан айт құтты болсын,,-дейді олар шынайы көңілдерімен.
Ауылдастарына үлкен жүректі, сыйлы кәсіпкер ретінде танылған Дархан мен Альбина сол күні жағдайлары төмен жеті отбасын бірінші кезектегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен тегін қамтамасыз етті.
Жалпақталдағы жәрмеңке енді әр сенбі сайын жалғасын табатын болады.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz