Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні деп белгіленген болатын. Соған орай Сырым аудандық М.Есламғалиев атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен «Абай - ұлы өркениеттің көшбасшысы» атты онлайн шара өтті.
Шарада ақынның «Қалың елім қазағым, қайран жұртым», «Жүректе қайрат болмаса», «Қыс», «Есіңде бар ма жас күнің» өлеңдерін кітапхананың тұрақты оқырмандары Хаджар Мамбетьяр, Ақылбек Бекболатов нақышына келтіре оқыса, жерлес ақын Есен Баймұханбетовтың «Жүректе қайрат болмаса» өлеңін оқырман жылы қабылдады.
Шара жүргізушісі, кітапханашы Гүлім Жантурина Абайдың қара сөздерін оқып, әдеби кештің көркін кіргізді.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz