Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде аталып өтуде.
Еліміздің мәдени, рухани құндылығының негізін салушы Абай атамыздың қалдырған мәдени мұраларын дамыту оң үрдіс деп есептейміз. Абайдай сөзі-өнеге, ғұлама перзенті бар елдің бәсі қашанда биік болмақ. Абай - өзі өскен байтақ ел, ұлы дала перзенттерін биік асуларға ұмтылуға негіз бола алған дара тұлға. Оның өнегесі, ақылы мен болмысы, тілі мен діні артында қалған өскелең ұрпақтың бойынан көрініс таппақ. Бәйтерек ауданы пробация қызметінің инспекторлары барша қазақстандықтарды Ұлы Абайдың 175 жылдығымен құттықтайды, күні кеше еліміз бойынша аталып өткен мерейтойға өз үлесімізді қосамыз.
Бүгінде Бәйтерек аудандық №1 пробация қызметінің инспекторлары аудандық орталықтандырылған кітапханалар қызметімен бірлесіп, Абай һәкімнің шығармашылығын кеңінен насихаттауды қолға алды. Аптасына бір рет полицейлер кітапханаға барып, ұлы ақынның шығармашылығымен танысуды және қара сөздерін оқуды әдетке айналдырдық.
Алдағы уақытта бұл бастамамызды пробация қызметінде есепте тұрғандарға насихаттап, сотталғандарды да ұлт әдебиетін оқуға үйрететін боламыз.
Айнат Жәмиев,
Бәйтерек аудандық
пробация қызметінің инспекторы,
әділет лейтенанты