17 тамыз күні «Nur Otan» партиясының праймеризіне тіркеу басталды. Кандидаттарды тіркеудің алғашқы күндерінде Сырым ауданы бойынша 8 адам саяси науқанға қатысуға өтініш берді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасы Төлеген Төреғалиев өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
– Бұл праймериз - «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен тұңғыш рет республикалық партияішілік сайлау ауқымында өтеді.
Аудан бойынша кандидаттарды тіркеудің алғашқы күнінде 8 адам тіркелді. Олардың 3-уі әйел, 35 жасқа дейінгілерден 3 азамат тіркелсе, осылардың ішінде ерекше қажеттілігі бар 1 адам тіркелді. Бастауыш партия ұйымдары арқылы 5 адам ұсынылса, 3 кандидат өзін-өзі ұсынып отыр, – делінген жазбада.
Праймеризге тіркелу ережелері «Сырым елі» газетінің осы аптадағы санында жарық көреді.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz