Былтыр Таразда сырттағы дәретханаға барған оқушы педофилдің құрбаны болғанын білеміз. Әріптесіміз Ш.Молданиязова осы мәселеден кейін ауыл мектептерінің әжетханаларын ішке көшіру туралы мақала жазған еді. Мәселе ауданда енді шешімін тапқандай.

– БҚО әкімі Ғ.Есқалиев 2020 жылға Батыс Қазақстан облысы бойынша мектептерді әжетханалармен қамту жоспарын бекіткенін білеміз. Жоспарды жүзеге асыру үшін Сырым ауданына мектептерге ішкі әжетхана қондыру мақсатында – 14 млн. 386 мың теңге бөлінді. Портал бойынша – 11 млн. 489 мың теңге қаржыға Тоғанас, Алғабас, Аралтөбе, Жосалы, Жырақұдық мектептеріне қыз және ұл балаларға арналған әжетхана жасақталып, жұмысы аяқталды, – деп мәлімдеді аудандық білім беру бөлімінің басшысы Дайыр Сапаров.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz