Бәйтерек ауданы Дариян ауылы айналасындағы көл тұрғындар тұрғындар мен ауыл қонақтарының негізігі демалатын орны. Сондықтан көл жағалауын таза ұстау - әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Сенбі күні ауылдың экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында «Таза жағалау» акциясы өтті.
Дарияндағы мекеме-ұйымдардың қызметкерлері мен тұрғындар белсене қатысқан шара барысында көл жағалауындағы тұрмыстық қалдықтар жиналып, қураған ағаштар кесілді. Ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Ажиев тазалық акциясына белсенді қатысып, көл жағасын қалдықтардан тазартқан әр тұрғынға алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ ауылда «Табиғатқа тазалықты қайтарып, адамдарға мейірімділік сыйлаймыз» атты экологиялық акция өтті. Дарияндық еріктілер тобы мүшелерінің бастамасымен қолға алынған сенбілікке ауылдағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мекемесінде қызмет алатын А.Криуля, О.Полтаев, Р.Кулкаев сияқты қариялар мен кейуаналар да белсенді қатысып, ауылдың тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
Гүлжан Аязбаева,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz