26.08.2020, 12:21
Оқылды: 19

 Қазақстанның астаналық және Батыс аумағының кәсіпкерлеріне арналған "Сәттілік марафоны"

Бизнестің алуан түрлі бағыттарының өкілдерін жинаған ауқымды шараға Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлері қатысты.

marafonОсынау маңызды әрі пайдалы іс-шара Қазақстанда үшінші рет өткізіліп отыр. Биылғы жылдың 20 тамызында «Сәттілік марафонына» Атырау қаласы қосылды. Ал бұл дегеніңіз форумның географиясы күн сайын өсіп, сонымен қатар оқып жатқан кәсіпкерлер де артып келе жатқанын білдіреді. Биылғы марафонның ерекшелігі – жаңа формат болуында. Тұңғыш рет ол онлайн форматта өткізілді. Шараның ұйымдастырушылары Еуропалық қайта құру және даму банкі мен «Шелл Қазақстан» компаниясы.

Марафонның бағдарламасы Қазақстанның батыс аймақтарындағы ісін жаңадан бастаған және бұрыннан келе жатқан кәсіпкерлердің инновациялық дамуы мен бизнес идеяларын қолдауға барынша бағытталған.

Жобаның мақсаты – кәсіпкерлердің басқарушылық білімі мен дағдысын дамыту, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға күш салу, бизнесті жүргізуде бәсекеге қабілеттілік пен тиімділікті арттыру.

Дәстүрлі түрде біздің елдің беделді кәсіпкерлері шараның қатысушылары мен спикерлері ретінде сөз сөйледі. Көрермендердің алдында сөйлеген өз сөзінде форумның хэдлайнері, «Меломан» және «MARWIN» компаниялар тобының негізін қалаушысы әрі ортақ иесі Александр Дериглазов өзінің сәттілікке жету тарихымен бөлісті. Нақтырақ айтқанда, ол облыс орталығындағы кішкентай ғана дүкен елдегі кітап, аудио, видео өнім мен басқа да тауарлар ассортименттері сатылымы бойынша ірі компанияға қалай айналғанын, тұрақты өзгеріс режимі кезіндегі әрекет ету алгоритмі, онлайнға шұғыл өту жағдайында бизнес жүргізу әдісі, сонымен қатар жеке кәсіпкердің құпиялары туралы айтып берді.

Сонымен қатар марафонда Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев сөз сөйледі. Ол өз сөзінде жергілікті әкімдік кәсіпкерлерге әрдайым көмектесуге дайын екенін жеткізді: «2020 жыл күн сайын бізге тосын сый алып келіп жатыр. Дағдарыс – қашан да жаңа мүмкіндіктердің уақыты. Біз қазіргі уақытта жаңа секторлар пайда болып, жаңа шынайылық қалыптасып жатқанын, оған қоса адам капиталының дамығанын бақылап отырмыз. Бұл ретте «Сәттілік марафоны» аймақтағы орта, шағын және микробизнесті сапалы түрде дамыту үшін өткізіліп отыр. Әлеуметтік жауапкершілікті жоғары деңгейде танытып, Қазақстанның батысы, тіпті жалпы Қазақстанның экономикасына белсенді түрде атсалысқан Шелл компаниясы мен ЕҚДБ-ға жеке алғыс айтқым келеді. Жобаның үшінші жылы сәтті өтсін деп тілеймін. Біз алдағы уақытта да жергілікті билік тарапынан барлық бастамаларға қажетті барлық қолдауды көрсетуге дайынбыз».

«Шелл Қазақстан» компаниясының үкіметпен және қоғаммен байланыс бойынша директоры Зарина Бакенова атап өткендей, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған ShellLiveWIRE бағдарламасы – компанияның бүкіл әлем бойынша стратегиялық әлеуметтік инвестициясының басым бағыты болып саналады.

«Сәт сайын өзгеретін бүгінгі әлемде әрдайым өзімізді өзіміз жетілдіріп, әрдайым жедел оқып, бизнесті жүргізудің жетекші практикаларын меңгеріп, тенденциялардың бәрін есепке алып отыруымыз керек. Бұл векторда ShellLiveWIRE бағдарламасын дамыту – ісін жаңадан бастаған және бұрыннан келе жатқан кәсіпкерлер үшін сөзсіз көмекші әрі керемет старттық алаң бола алады», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар «Сәттілік марафонының» маңызды бөлігі – бес модуль бойынша бірегей оқыту бағдарламасы өтеді:

1 модуль – «Жаңа бизнес-идеялардың генерациясы мен өткізу нарығын іздеу»;

2 модуль – «Жаңа бизнестің қаржылық моделі»;

3 модуль – «Жобаны және команданы басқару, бизнесті дамытудың стратегиясы»;

4 модуль – «Жаңа бизнесті таныстыру»;

5 модуль – «Цифрландыру».

Бағдарламаның қатысушыларына табысты бизнестің негіздері бойынша тегін тренингтен өту мүмкіндігі беріледі. Ал бұрыннан келе жатқан кәсіпкерлерге ол өз ісін дамытып, инновациялық бағыттарды ашу үшін өзінің басқарушылық дағдысын көтеруде бірегей мүмкіндік болып табылады.

Сондай-ақ 2018 жылы «Сәттілік марафоны» оқыту бағдарламасының қорытындысы бойынша Орал қаласында 20 дайын бизнес-жоба берілгенін атап өту керек. 2019 жылы Ақтау қаласында оқыған кәсіпкерлер жүзеге асырылған 25 жобаны таныстырды.

Бұл ретте өзінің тәжірибесі мен табысы туралы бағдарламаның 2019 жылғы қатысушысы, Ақтаудан келген Жанат Назарынбекова ой бөлісті. Ұстаздардан оқып, олармен жұмыс жүргізгеннен кейін оның «Қозы Тандыр» жобасының пайдасы 2019 жылдың желтоқсанының соңында 3 есе өскен.

«2018 жылы айлық табыс шамамен 250 мың теңге еді. 2019 жылы ай сайынғы табысым 350-380 мың теңгеге дейін өсті. «Сәттілік марафонына» қатысқаннан кейін мен алған материалдар мен білімді барынша пайдаланып, жыл соңына қарай айлық табысым 750-780 мыңға дейін жетті. 2020 жыл барлығымызға оңай тиіп тұрған жоқ. Себебі біз коллаборацияның көбін жұмысы уақытша тоқтап тұрған мейрамханалар мен банкет залдарынан алып тұрған едік. Алайда тамақты жеткізу деңгейі өсіп кетті. Наурыз, сәуір мен мамыр айларында біз 1 миллион теңгелік табысқа кенелдік», - дейді Жанат Назарынбекова.

Жоба Қазақстанның батысы мен Нұр-Сұлтан қаласының ісін енді бастап жатқан кәсіпкерлерінің инновациялық бизнес идеяларын қолдау және дамыту үшін әзірленген ShellLiveWIRE бағдарламасы аясында өткізілуде. Форумның негізгі міндеті – бұрыннан келе жатқан және ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге өсімнің мүмкіндігін беру, оларды жетекші кәсіпкерлік дағдыларға оқыту.

Қосымша ақпараттар бойынша келесі байланыс нөміріне хабарласуға болады: +7 775 1371387, e-mail: [email protected].

 

Анықтама үшін:

Жобаның доноры

«Шелл» – штаб пәтері Нидерландыдағы Гаага қаласында орналасқан, энергетикалық және мұнай-химия компанияларын біріктіретін халықаралық концерн.

Қазір «Шелл» Қазақстан экономикасындағы ең ірі шетелдік инвесторлардың бірі. «Шелл» концернінің Қазақстандағы үш жобада үлесі бар. Бұл – Солтүстік Каспий бойынша өнім бөлу келісімі (ӨБК) (қатысу үлесі 16.81%), Қарашығанақ кен орны өнімдерін бөлісу туралы соңғы келісім (қатысу үлесі - 29.25%) жәнеКаспий Құбыр Консорциумы (қатысу үлесі - 7.4%). Жаһандық ShellLiveWIRE бағдарламасы өңірлердегі экономикалық дамуды ынталандыра отырып, жас кәсіпкерлердің өз бизнесін бастауына көмектеседі. 1982 жылдан бері бағдарлама 9,2 миллионнан астам жас кәсіпкерге көмек берді. 2018 жылдан бері бұл бағдарлама ҚР аумағында жергілікті кәсіпорындарға қосымша мүмкіндіктер бере отырып, іске қосылды. Толық ақпаратты келесі сайттардан табуға болады:

www.shell.com
www.shell-livewire.com

Жобаның операторы

Еуропалық қайта құру және даму банкінің «Шағын бизнеске кеңес» бағдарламасы шығындарды бөлу қағидаты негізінде отандық кеңесшілерді жұмылдыра отырып, шағын және орта бизнетің (ШОБ) кеңес беру қызметтерін алуына көмектеседі.

Кәсіпорындарға олардың бизнесінің көрсеткішін жетілдірудегі тікелей көмек ЕҚДБ операциялары елдерінде ШОБ-ты қолдайтын өміршең және өзін-өзі ақтайтын инфрақұрылымды құру мақсатында кеңес беру нарығын дамытуға қатысты жүйелі жұмыстармен үйлеседі.

2001 жылдан бері Жапония, Швейцария, Тайвань, АҚШ үкіметтері мен ЕҚДБ акционерлерінің арнайы қоры бағдарлама доноры болып келді. 2013 жылдан бастап негізгі донор – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі.

«Шелл Қазақстан» 2013 жылы Қазақстан Республикасындағы ерікті әлеуметтік инвестициялар аясында бағдарламаның жеке доноры болды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – аймақ экономикасын әртараптандыру, жергілікті халықтың мұнай-газ секторына тәуелділігін төмендету, жаңа ШОБ кәсіпорындарын құру және кәсіпкерлік дағдыларын үйрету.

Байланыс көздері:

010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 2, “SAAD” БО 10-қабат

Tел. +7 7172 554256.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале