26.02.2015, 19:11
Оқылды: 68

Жасұлан СҮЙІНШӘЛИЕВ, облыстық құрылыс басқармасының басшысы: «Тұрғын үй құрылысы, ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАСТЫ НАЗАРДА»


 – Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы еліміз үшін айрықша маңызды саналатын мәселелерді айқындап, қоғамның түбегейлі мәселелерінің шешілу жолдарын нақты көрсетуімен  маңызды. Одан басқа еліміздің экономикасының дамуы мен қазақстандықтардың әлеуметтік әлеуетін көтеру, халық тұрмысын жақсарту басты назарда болмақ. Соның ішінде тұрғын үй құрылысының инфрақұрылымы мен әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жіті көңіл бөлінетін болады.


 Өткен жылы өңірімізге «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 6 219,4 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді. Қаржыландырудың барлық көздері есебінен жоспардағы 233,4 мың шаршы метр тұрғын үй іс жүзінде 257,1 мың шаршы метр болып, яғни 111 пайызға орындалды. Бұл 2013 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 4%-ға артық. Тұрғын үй құрылысы алаңдарындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысына 2 933,5 млн. теңге бөлініп, ол да толығымен игерілді. Мемлекеттік бағдарлама  шеңберінде инженерлік желілерді өткізу бойынша жоспардағы 173-тің орнына 218,5 шақырымдық инженерлік желілері тартылып, жоспарлы жұмыс ауқымы 127 пайызға асыра орындалды.

Биыл республикалық бюджеттен жергілікті атқару органдарында үй кезегінде тұрған азаматтарға арналған тұрғын үй құрылысына 1 млрд. 80 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаржы Жаңақала ауданындағы құрылысы өткен жылы басталған 16 бір пәтерлік және Бөкей ордасы ауданындағы 7 бір пәтерлік үйлердің құрылысына, Орал қаласы Зашаған ауылындағы Орал-Атырау, Орал-Саратов тасжолдары бойындағы жаңа шағынаудандағы көпқабатты 180 пәтерлік үйдің құрылысына бағытталатын болады. Сонымен қатар осы   бағыттағы жұмыстардың жүзеге асырылуына жергілікті бюджеттен 401 млн. 71 мың теңге бөлінді.

Жас отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен бөлінген 262 млн. 7 мың теңге құрылысы былтыр басталып, биыл жалғасатын Орал қаласының Зашаған кентіндегі Орал-Атырау, Орал-Саратов тасжолдары бойындағы жаңа шағынаудандағы 5 қабатты 90 пәтерлік бір тұрғын үйдің құрылысына жұмсалады. Мұның сыртында  осы құрылыс жұмыстарына жергілікті бюджеттен 25 млн. 623 мың теңге бөлінді.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» желісі салымшыларына республикалық бюджеттен бөлінген 1 млрд. 247 млн. теңге Бөрлі ауданындағы Ақсай қаласындағы 144 пәтерлік тұрғын үй құрылысына және Оралдағы Зашаған кентіндегі Орал-Атырау, Орал-Саратов тасжолдары бойындағы жаңа шағынаудандағы көпқабатты бір 72 пәтерлік және бір 90 пәтерлік тұрғын үйлерінің құрылысына бағытталады. Сонымен қатар инженерлік инфрақұрылым құрылысына республикалық бюджеттен 1 млрд. 881 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұған қоса құрылыс нысандарының құрылысына жергілікті бюджеттен  71 млн. 298 мың теңге жобалау-сметалық құжаттамаларын жасақтауға бөлінді.

Қорыта айтсақ, биыл да облыс аумағында құрылыс алаңдарында тұрғын үй құрылысы жұмыстары қарқынды жүреді. Оған тиісті қаржы-қаражат бөлінген, құрыш қолды құрылысшыларымыздың құрылыс салуға деген ынтасы жоғары.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале