2.09.2020, 18:12
Оқылды: 61

Жаңа замандағы жаңа Қазақстанды, қазақ елінің жаңа азаматтарын қалыптастыру – біздің қолымызда

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауын жариялады.

Айдана Габбасова

Жолдауда өте маңызды мәселелер көтерілді. Дүние жүзін жаулаған пандемияның халқымызға келтірген ауыр кеселін айта келіп, болашақта елімізді өркендетудің жаңа жолдарын ұсынды. Мемлекет басшысы, экономика, білім және медицина саласына қатысты басымдықтарды айқындап берді. Сондай-ақ халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелеріне де жан-жақты тоқталып, Парламент пен Үкіметтің алдына нақты міндеттер қойды. Жолдауда айтылған тапсырмалардың жүзеге асуына атсалысатын боламыз. Әсіресе, халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру жайында айтқан сөздері ұнады. Еліміздің болашағы жастар боғандықтан жаңа замандағы жаңа Қазақстанды, қазақ елінің жаңа азаматтарын қалыптастыру – біздің қолымызда.

Айдана Ғаббасова,

Бәйтерек ауданы,

студент

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале