4.09.2020, 11:44
Оқылды: 27

Білім мен ғылымға – қомақты қолдау

1-ші қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Raia

Президентіміз Жолдауында көптеген маңызды мәселелерге айрықша мән берді. Соның ішінде карантин кезеңінде білім беру саласында онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажеттігіне тоқталды. Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктейтін кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – бүгінгі ұрпаққа сапалы білім беру. Мемлекет басшысы сапалы білім алу үшін Үкіметке білім берудің дәстүрлі қалпына оралу тәртібін әзірлеуді тапсырды. "Ақыл жастан, асыл тастан" деген сөзді халқымыз жастардың болашағынан үміт күткендіктен айтқан. Жолдауда Президент "Жас ғалым"  жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырды. Ұлт болашағын ойлаған Мемлекет басшысы  білім, ғылым саласын дамытуға ерекше мән берген.

Қазіргі таңда дауларды медиация тәртібімен реттеу кең етек алып жатқаны белгілі. Жолдауда Президент медиация аясын кеңейту керектігін де атап кетті. Жолдауда көрсетілген барлық мақсаттар орындалып,халқымыз өркендей беруіне тілектеспін.

Рая Апахаева,

ардагер ұстаз, қоғамдық медиатор

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале