Бәйтерек аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері ауылдық округтердің атқарушы органдары және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының волонтерларымен бірігіп, бірнеше ауылдағы тұрғын үй секторларын аралап шықты. Ондағы мақсат – жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу болатын.
Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Переметный, Дариян, Мичурин, Махамбет, Белес, Көшім, Щапов, Макаров, Факел ауылдарында болды.
– Жас мезгілі аяқталып, жылыту маусымы таяп қалуына байланысты өрт фактілері мен оқыс оқиғаларды алдын алу мақсатында тұрғын үй секторларының маусымға дайындығын тексерген болатынбыз. Әңгімелесу барысында тұрғындарды қауіпсіздік ережелерімен тағы да таныстырып, арнайы жадынамалар тараттық. Профилактикалық шара кезінде барлығы 256 тұрғыны бар 121 үй тексерістен өтті. Алдағы уақытты шара жалғасын таппақ, – дейді Бәйтерек аудандық төтенше жағдай бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Жанболат Жасталапов.
Аружан Болатбекқызы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz