Негізінен облыстық «Жастар керуені» ақпараттық үгіт-насихат тобының жобалық жұмыс сапары мен концерттік бағдарламасы Жаңақала ауданынан бастау алған еді.
Сапар барысын аудан орталығынан бастаған керуен тобы Жалпақталға келіп концерттік бағдарламасын ұсынды.
- 2020 жыл - Волонтерлар жылы. Бүгінгі жастардың қоғамдық өмірден ешқашан қол үзбей, өз елін сүюі, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын білуі басты міндет болып табылады. Жоба мақсаты – ауыл жастарына арналған мемлекеттік бағдарламалардың артықшылықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіру және жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануына, жаңа жобалардың іске асуына атсалысу, - дейді жоба ұйымдастырушылары.
Шара шеңберінде әр түрлі жанрда өнер көрсеткен облыстық жастардың өкілдерін жылы қабылдаған жалпақталдықтар жас өнерпаздарға ризашылықтарын білліріп, ұзақ қол соқты.
«Жастар керуені» жобасы аясында өткізілген Казталов ауданындағы үлкен шара Жалпақталдағы әдемі ән кешіне жалғасып, жылы аяқталды.
Қыдыр Харесұлы,
zhaikpress.kz