21.09.2020, 11:48
Оқылды: 122

Зират қоршалып, арық жөнделді

Бәйтерек ауданы Краснов ауылдық округінің тұрғындары қаражат жинап, округ орталығы Погодаев ауылы маңындағы зират аумағын кеңейтіп, қоршаулар орнатты.

краснов (4)

- Ауыл маңындағы зиратты қоршау туралы бастаманы тұрғындар көтерді. Ел болып, қаражат жинап, қажетті материалдарды да алды. Қашан да бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білген азаматтар сауапты іске бір кісідей жұмылды, - дейді округ әкімі Исатай Мұғалбаев.

Бірнеше жылдан бері қордаланып келе жатқан мәселенің оңды шешімін шығарған ауыл азаматтарының бірлігі қуантады.

Сондай-ақ округте көп жылдан бері кәсібін жүргізіп отырған «Асан Аул» ЖШС мен «Айдос» ШҚ Погодаев ауылы маңындағы тозығы жеткен ескі арықты қалпына келтірді. Қар суы жиналып, соңғы жылдары су басу қаупін төндірген арықтың бітелген жерін қазып, екі бірдей су өткізу құбырын қойған кәсіпкерлерге ауыл халқы разы.

- Ауыл кәсіпкерлері де елді мекен тұрғындарын ұмытқан емес. Олардың арықты жөндеу туралы шешімін көпшілік қуана қабылдады. Қазір погодаевтық ағайын қос кәсіпкерге риза, - дейді округ әкімі Исатай Жұмағұлұлы

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале