21.09.2020, 22:43
Оқылды: 114

Тасқала ауданына 60 планшет жеткізілді

Республикалық бюджет есебінен алынуы жоспарланған компьютерлік құрылғылардың бір бөлігі Тасқала ауданына да жеткізілді.

пл 1

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, қашықтан оқытуды қамтамасыз ету мақсатында алынған компьютерлік құрылғыларды әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына қайтарым негізінде тең бөлу негізінде арнайы жұмыс тобы құрылған болатын.

пл 2

Жұмыс тобы компьютерлік құрылғылардың кезекті бөлігін Тасқала ауданына табыстады. Ауданға бөлінген 60 планшет Қ.Сәтбаев, Ы.Алтынсарин, С.Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектептеріне тиесілі. Ендігі уақытта планшеттер аталмыш мектептердегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға таратылып берілмек.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале