25.09.2020, 21:55
Оқылды: 29

«Орал қаласының құрметті азаматы» атағы табысталды

Бүгін Орал қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Қала күні мерекесі аясында шаһардың гүлденуі мен абаттануына зор үлес қосып, қаланың және облысымыздың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып келе жатқан бір топ азамат-азаматшаларға «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы салтанатты түрде табысталды.

1 (34)

Салтанатты шара мемлекеттік әнұранмен ашылып, қала әкімі Абат Шыныбеков құттықтау лебізін жеткізді.

Одан соң Абат Абайұлы «Орал қаласының құрметті азаматы» атағын салтанатты түрде табыстау рәсімін жүргізді.

1 (52)

«Орал қаласының құрметті азаматы» атағын иеленгендердің қатарында елеулі еңбектерімен ел құрметіне бөленген еңбек ардагерлері Едіге Нәбиев, Григорий Тё, Светлана Бисембаева, Михаил Пшеничный, Талғат Берекешов және Виктор Фомин бар.

Өз кезектерінде еңбек майталмандары Едіге Нәбиев, Светлана Бисембаева және Венамин Мұқатаевтар сөз алып, алғыстарын білдіріп, барша жиналғандарды Қала күні мерекесімен құттықтады.

1 (31)
Сонымен қатар бұл күні Н. Островский атындағы орыс драма театрының алдында «Ізгілікті қала» мүсіншілер симпозиумын қорытындылау рәсімі өтті.

Шарада қала әкімі Абат Шыныбеков сөз сөйлеп, симпозиум жұмысына қатысушы суретші-мүсіншілерді Орал қаласы әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.

1 (210)

Айта кету керек, симпозиумның қорытынды бөлімінде 7 суретші-мүсіншінің еңбегі ел назарына ұсынылып, көпшіліктің жоғары бағасын алды. Ендігі кезекте бұл туындылар қала ажарын айшықтай түсетін болады.

1 (244)

Сондай-ақ аталмыш шарада Қала күні мерекесін өткізуге қолдау көрсетіп, белсене атсалысқан азаматтардың да еңбегі ескерусіз қалмай, ерекше ықыласпен атап өтіліп, алғыс хаттармен марапатталды.

Бауыржан Махудұлы,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале