Сырым ауданында Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырза Әлидің туғанына 85 жыл толуына орай ауқымды шара өтті.
Шараға ақынның жары Салтанат Мырзалиева, немересі Мүслим Ғазизұлы, қарындасы Күләш Мырзалиева, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Серік Егізбаев, Қадыр Мырза Әлі қоғамдық қорының директоры, әнші-композитор Донеділ Қажымов, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Орал қаласы "Мақсат" медициналық колледжінің директоры, Сырым ауданының құрметті азаматы Мақсот Берген, қоғам қайраткері, еңбек ардагері Ғабдрахим Жаңбырбаев, жеке кәсіпкер, Сырым ауданының Құрметті азаматы Құсайын Бақтияров, ҚР Журналистер одағының мүшесі, "ҚР Ақпарат саласының үздігі, "Ақжайық" телеарнасының тілшісі Лұқпан Елеу қатысты. Қонақтар Сырым шыққан төбедегі кесенеден ақ дәммен қарсы алынды.
Меймандар Сырым батыр кесенесіне гүл шоқтарын қойып, ауылдың алты ауызын, тыңдап, естелік суретке түсті.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz