Алдағы күндерде Ұстаздар күні келе жатқандығын ескере отырып, өзіміздің шағын ауылдағы ұстаздарымыздың еңбегін бағалауды жөн санадық. Олардың атқарып жатқан еңбектері ұшан-теңіз. Әркім ұстаздың алдында бас иіп, жолын кеспеуді әріден ойлап жүреді. Адамның адам болып қалыптасуына бірден-бір себепкер осы ұстаздар қауымы десек, артық айтқандық болмас.
«Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, бала тәрбиесі нәзік те күрделі. Жас шыбықты, қоғамның лайықты ізбасарын дайындауға мектептің қосар үлесі зор. Бала тәрбиесі жеңіл-желпі қарайтын нәрсе емес. Болашақ ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп келетін ұстаздың бірі – Бірлік ауылындағы Кузнецов негізгі мектебінің мұғалімі Әлия Шәріпқызы. Еңбегі мақтануға тұрарлық. Ол өте байсалды, адамгершілігі мол, әр баламен тіл табыса білетін өз ісінің шебері. Оқушыларды үлкенді сыйлауға, Отанды сүюге және достықты бағалай білуге ерекше баулиды. Уақытпен санаспай, өзінің бар білімін төгуге, шәкірттерін мейірімге бөлеуге қашан да дайын. Ана ретінде бүлдіршіндерге жаны жақсылыққа толы ұстаздың жолыққанына қуанамын. Атааналар алдында зор құрметке ие, жауапкершілігі жоғары ұстаздың болашағы зор.
Меруерт Сапарғалиқызы,
Тасқала ауданы
Бірлік ауылы