30.09.2020, 17:26
Оқылды: 22

БҚО-да вирустық инфекцияларға қарсы препараттардың 2 айға жететін қоры жасақталды

Бұл туралы БҚО әкімі Ғали Есқалиев облыстық мәслихаттың XXXVIII сессиясында депутаттар алдындағы есебінде айтты.

Esksliev

– Күні  бүгінге өңірде коронавирустың таратылуы бойынша ахуал тұрақталды. Облыс бойынша коронавирус індетпен жұқтырғандар саны 6860-ты құраса, оның 98,3% немесе 6746 адам емделіп шықты, 109 адам қаза болды.

Алдағы күтілетін пандемияның жаңа толқынына дайындалу мақсатында медициналық ұйымдарда, көтерме қоймалар мен дəріханаларда вирустық инфекцияларға қарсы қажетті препараттардың 2 айға жететін қоры жасақталды.

Біз облыс тұрғындарын дəрілік заттармен медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін арнайы тұрақтандыру қорын құрдық. Күні бүгінге дəрілік заттар сатып алуға 100 млн. теңге бөлінді. Орал қаласында 200 орынға арналған модульді инфекциялық аурухананың құрылысы басталды. Осы жылдың аяғына дейін пайдалануға берілетін болады.

Облыста  138 өкпені жасанды желдету аппараттары, 476 оттегі концентраторы, 675 пульсоксиметр және 172 Бобров аппараттары бар.

Қазіргі таңда дәрігерлерді, орта және кіші буын медицина қызметкерлерін қоса, 101 медицина қызметкері алдыңғы шепте қызмет етуде. Кадр тапшылығы жоқ.

Бүгінгі нақты деректерді және жұқтыру болжамдарын ескере отырып, медициналық жоғары оқу орындары (52) және колледж түлектері (100) санынан кадр резерві жасақталды, – деді Ғ.Есқалиев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале