30.09.2020, 18:20
Оқылды: 20

БҚО-да 368 шақырым жол жөнделді

Мемлекет басшысы елдің көліктік-логистикалық әлеуетін одан әрі арттыруды тапсырды. Осы бағытта былтыр бөлінген 27,3 млрд. теңге қаражатқа 368 шақырым жол жөнделді. Бұл туралы БҚО әкімі Ғали Есқалиев облыстық мәслихаттың XXXVIII сессиясында депутаттар алдындағы есебінде айтты.

unnamed (1)

– Ағымдағы жылы 434,2 шақырым жол жөндеуге 37,3 млрд. теңге қаражат қарастырылды.

- 7,1 млрд. теңгеге - 103,7 км республикалық маңызы бар;

- 12,0 млрд. теңгеге - 167,8 км жергілікті маңызы бар;

- 18,2 млрд. теңгеге - 162,7 шақырым көше-жол желісі.

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 279 км жол жөнделді.

Өңірдің оңтүстік аудандарын облыс орталығымен жалғайтын республикалық маңызы бар «Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы», Өнеге-Бисен-Сайқын автожолдарында жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Сонымен бірге 36 шақырым Самара-Шымкент жолдарымен 40 шақырым Чапаев-Жалпақтал-Казталов-РФ шекарасы жолдарында орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды жөндеуге биыл 12 млрд. теңге қаражат бөлініп, күні бүгінге 110 шақырым жөнделді, жыл аяғына дейін тағы да 57 шақырым жолды жөндеу жоспарда.

Ауылішілік жолдардан осы жылы 100 шақырым жол жөндеуге 13 млрд. теңге бөлінді.

Орал қаласында 9,3 млрд. теңгеге 55 көшеде 61 шақырым жолдарды жөңдеу жоспарланған. «Нефтебаза» ауданындағы 5,2 млрд. теңгеге 4 жолақты көпірдің реконструкциясы аяқталды.

Биыл жолдарда жүріп жатқан жұмыстардың сапасына қоғамдық бақылауды күшейттік. Ол үшін облыстық жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы мен Орал қаласы, аудандар әкімдіктерімен бірлесіп, облыс тұрғындары арасынан жол саласы бойынша білікті және тәжірибелі қоғамдық өкілдерден топтар құрылды. Аталған топ автожолдардың жөндеу жұмыстарының сапасын тексереді, сонымен қатар жөндеу аяқталғаннан кейін нысанды пайдалануға тапсыру кезінде қоғамдық өкіл нысанды қабылдау жұмыстарына міндетті түрде қатысатын болады, – деді Ғали Есқалиев.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале