1.10.2020, 10:39
Оқылды: 44

Сырымның елді мекендерінде ғаламтор желісіне қосылу өзекті мәселе күйінде қалып отыр

Сырым ауданында Бұлан, Талдыбұлақ, Тасқұдық, Көздіғара, Қызылағаш, Көгеріс елді мекендерінде ұялы байланыс, ғаламтор желісі өзекті мәселе болып отыр. Бұл туралы бүгін БҚО Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев айтып өтті.  

Syrym

– «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында келесідей жұмыстар жасалды. Ауданға инвесторларды тарту үшін жасақталған sirim.map.kz инвестициялық картасы іске қосылды. Карта арқылы әрбір әлеуетті инвестордың аудандағы босалқы жерлерді, инвестициялық жобаларды көруге мүмкіндігі бар. Ауылшаруашылығы саласында 78 шаруашылық 85 күн панельдерін орнатса, 14 шаруашылық және 4 жеке тұрғын 42 GPS-трекер құрылғыларын пайдалануда.

Smartgeohub.kz ақпараттық порталына конкурсқа шығарылатын жерлер, кәсіпкерлерге ыңғайлы жерлер, суармалы жерлер енгізілуде.

Ұялы байланыс сапасын жақсарту мақсатында Қосарал ауылына 4G байланысы орнатылды. Бүгінгі күні Сырым ауданында Бұлан, Талдыбұлақ, Тасқұдық, Көздіғара, Қызылағаш, Көгеріс елді мекендерінде ұялы байланыс, ғаламтор желісі өзекті мәселе болып отыр, – деді Т.Төреғалиев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале