1.10.2020, 16:45
Оқылды: 40

Шыңғырлауда 1150 адам екпе салдырды

Күз мезгілі тұмау сынды жұқпалы аурулардың өршитін мезгілі. Өйткені құбылмалы ауа райы иммундық жүйесі төмен, әлсіз топтарға бірден әсерін тигізеді.

IMG_0725

Оның үстіне коронавирустың қайталап соғу қаупі барлығы да қапысыз қалмауымызды ескерткендей. Тұмау мен бұл дерт бірігіп кетсе, ауру одан сайын ұшығуы мүмкін екен. Сол себепті де қазіргі күні аудандық ауруханада тұмауға қарсы екпе жұмыстары басталып кетті. Екпе әлсіз топтағыларға, жиі ауыратын балаларға және жүкті әйелдерге салынуда.

Аудан бойынша 1246 адам қамтылу керек болса, бүгінде 1150 адам екпе салдырыпты.

Дәрігер мен медбикелер өз уаскелеріндегі есепте тұрған жандардың үйлеріне барып екпе салдырудың артықшылықтары туралы түсіндіргендіктен, әрі тұрғындардың тұмаудың алдын алу туралы өздері қабылдаған шешімдерінің нәтижесінде бұл жауапты жұмыс уақытымен аяқталады деп сенеміз, - дейді ақ халаттылар.

                                                                     Гүлшат Ибрагимқызы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале