3.10.2020, 11:36
Оқылды: 14

Батыс Қазақстан облысының әкімі праймериз үміткерлеріне дауыс берді

Бүгін "Nur Otan" партиясының облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиев партияішілік сайлау қатысушыларына дауыс беру үшін Орал қаласындағы №3 сайлау учаскесіне келді.

IMG-20201003-WA0003

- Бүгін өз таңдауымды жасадым. Партияішілік іріктеуге қатысқандардың кейбірін бұрыннан танимын. Сонымен бірге жаңа белсенді азаматтардың тізімге енгенін көрдім. Праймериз науқанында қатысушылар арасында өткізілген онлайн дебаттар маған ұнады. Жалынды жастар көп. Партияішілік іріктеуден өткендер сайлауалды бағдарламасын сәтті жүзеге асырады деп сенемін. Сайлау учаскесінде дауыс беру өте қолайлы. Үміткерді таңдау рәсімі ашық өтуде. Дауыс беру қорытындысын қызығушылықпен күтудемін. Праймериз қатарымызға партия беделін көтеретін, тың идеялар мен мәселелер шешімін ұсынатын тұлғалар келу үшін ұйымдастырылуда, - деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

"Nur Otan" партиясының облыстық филиалының төрағасы Мұрат Мұқаевтың айтуынша, облыс бойынша 140 сайлау учаскесі ұйымдастырылған. Сайлау учаскелерінде дауыс беру дәстүрлі және электронды түрде жүзеге асуда. Онлайн дауыс беру праймериз ашықтығын, дауыс санын, үміткердің белсенділігі қай деңгейде екенін анық көрсетіп тұрады. Бүгінге дейін өңірдегі партия мүшелерінің 70%-ы, яғни 2 мыңнан астам адам дауыс беріп үлгерген. Шалғайдағы 52 елді мекенде нұротандықтардың дәстүрлі түрде дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған. Сайлау учаскелерінде санитарлық талап қатаң сақталуда. Праймериз бәсекесіне облыс бойынша 430 адам қатысып жатыр. Бір адам бірнеше үміткерге дауыс бере алады.

IMG-20201003-WA0004

- Маған бүгінгі саяси доданың ашықтығы, жариялылығы ұнады. Үміткерлер елдің саяси өміріне белсенді атсалысу үшін өзінің лауазымына, қызметіне, жасына қарамастан, бәрі бірдей "Мен еліме не беремін? Қандай өзгеріс алып келемін?" деп қатысып жатыр. Сондықтан өзім таңдаған үміткерлерге дауыс беру үшін сайлау учаскесіне арнайы келдім, - деді Орал қаласының тұрғыны Гүлнар Альжанова.

IMG-20201003-WA0002

"Nur Otan" партиясының Орал қалалық филиалының төрағасы Абат Шыныбеков партияішілік сайлау "Nur Otan"-ның сайлауалды тұғырнамасын нығайтатынын атап өтті. "Праймеризге қатысып жатқан азаматтар өңірдегі сан алуан мәселені көтеріп, бір ай бойы үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Орал қаласында дауыс беруге арналған 11 учаске ашылды. Бірінші қазаннан бері қаладағы 8 мың партияласымыз онлайн дауыс беруде. Кандидаттар тізімінде 91 адам бар. Ұялы телефон арқылы дауыс беруді қаламаған азаматтар сайлау учаскесіне келіп, есеп комиссиясына тіркеліп, ашық кабинада тұрып өз таңдауын жасайды. Бүгін мен де кандидаттарға дауыс бердім. Себебі праймериз жүйесін дамытуға үлес қосу өте маңызды", - деді Абат Шыныбеков.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале