6.10.2020, 10:25
Оқылды: 185

Казталовтық түлектер ауылға сахна тарту етті

 «Ұстаздар күні» мерекесі қарсаңында Бостандық орта мектебін 1990 жылы бітірген мектеп түлектері туған ауылдарына естелік сый ретінде сахна тарту етті.

Tulekter (1)

Сахнаның ашылу салтанатына аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру спорт бөлімінің басшысы Ернар Галимов, «Рухани жаңғыру» кеңсесінің маманы Айбек Көшерғалиев қатысып, түлектерге алғыс білдіріп, мерекемен құттықтады. Сонымен бірге түлектерге аудан әкімі Альберт Есалиевтің алғысхаты табысталды.

Tulekter (2)

Ақ түсті жейделерімен ерекшеленген 30 жылдық түлектердің қуаныштарында шек болмады. Бір-бірлеріне деген сағыныштарын басып, мұғалімдерімен шүйіркелесіп жатты. Тіпті, жолдың алыстығына қарамастан туған жерге деген сағыныштарын басу үшін, өзге өңірлерден арнайы келген түлектер де ортадан табылды. Түлектердің сыйына ауыл тұрғындары да дән риза.

Tulekter (3)

– Ауыл халқы тартуларыңа дән риза. Еңбектерің әрқашан еленіп, халқымыздың, еліміздің қалаулы азамат, азаматшалары болып жүре беріңдер! Қайда жүрсеңдер де аман болыңдар, – деп ақ батасын берді әжелер ансамблінің мүшесі Жәмила Айболатова.

Ауыл солай биікте қалу керек,

Сол ауылға ерінбей бару керек.

Адамның кіндік қаны тамған жерге,

Маңдайының тері де таму керек, – деп ұрандаған түлектер салтанатты шараның сәніне айналды. Салтанатты шара барысында ән айтылып, би биленіп, ұлттық сусын қымыз да ұсынылып, қонақтарды тәнті етті.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале