Қазан айының бірінші жексенбісі – Ұстаздар күні. Кәсіби мерекеге орай аудан әкімдігінің үлкен залында «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараға аудан әкімі Алдияр Халелов, аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Касимова, ардагер ұстаздар, ұстаздар қауымы қатысты. Салтанатты жиын барысында аудан әкімі Алдияр Халелов ұстаздар қауымын құттықтап, ұрпақ тәрбиелеудегі мұғалімдердің өлшеусіз қызметін атап өтті.
Сонымен қатар білім саласындағы ерен еңбегі үшін ауданымыздың бір топ ұстаздар қауымы Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін белгісімен, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің алғысхатымен, аудан әкімінің алғысхатымен, облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталарымен, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен, аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы және Тасқала ауданы білім қызметкерлері кәсіподағының алғысхаттарымен марапатталды.
Б.Бек,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер