Ұзынкөл су қоймасын қалпына келтіру маңызды
31 Шілде 2021

Ұзынкөл су қоймасын қалпына келтіру маңызды

Тегін көкөніс таратты
30 Шілде 2021

Тегін көкөніс таратты

Жаңа әкімдер таныстырылды
30 Шілде 2021

Жаңа әкімдер таныстырылды

Шикізат тапшы, жүктеме 20 пайыз
30 Шілде 2021

Шикізат тапшы, жүктеме 20 пайыз

Даулы баспананың дабырасы
29 Шілде 2021

Даулы баспананың дабырасы

Құс асырау да табыс көзі
29 Шілде 2021

Құс асырау да табыс көзі

6.10.2020, 10:59
Оқылды: 131
Тасқалалық ұстаздар да дәріптелді

Қазан айының бірінші жексенбісі – Ұстаздар күні. Кәсіби мерекеге орай аудан әкімдігінің үлкен залында «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараға аудан әкімі Алдияр Халелов, аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Касимова, ардагер ұстаздар, ұстаздар қауымы қатысты. Салтанатты жиын барысында аудан әкімі Алдияр Халелов ұстаздар қауымын құттықтап, ұрпақ тәрбиелеудегі мұғалімдердің өлшеусіз қызметін атап өтті.

ұстаздар күні (1)

Сонымен қатар білім саласындағы ерен еңбегі үшін ауданымыздың бір топ ұстаздар қауымы Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін белгісімен,  Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің алғысхатымен, аудан әкімінің алғысхатымен, облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталарымен, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен, аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы және Тасқала ауданы білім қызметкерлері кәсіподағының алғысхаттарымен марапатталды.

ұстаздар күні (3)

Б.Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер