6.10.2020, 12:01
Оқылды: 42

Жаңақалалық мәдениет қызметкерлері қарияға қолғабыс қылды

Сөзі мірдің оғындай, ақылы терең, жүрегі кең, ел мен жердің тыныштығын тілеп жүретін, ауызы дуалы қазыналы қарияларымыз қашан да құрметке лайық. Қариялар мерекесінен бастау алатын қазан айы – қайырымдылық айы. Осыған орай аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Мұхит Сисенов бастаған ұжым қос жанарынан айырылса да еш мойымаған, тек жақсылықтан үміттенетін Байжан Арыстанбеков ағамыздың шаңырағына құттықтай барып, бір күндерін арнады.

Kolgabys (1)

Мұндағы мақсат – жалғызбасты қарияның көңілін аулап, шаруашылық жұмыстарына қолғабыс ету еді. Ерлер жағы сыртқы шаруалармен айналысса, аруларымыз үйдің ішкі жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге ұжым нәзік жандыларының қолдарынан шыққан ас-ауқаттан дайындалған дастарқан үстінде Байжан ағамен шағын сұқбат өрбіп, орталық әншісі Марат Азамат қазақтың қара домбырасын шерте отырып, тамаша ән орындады.

Kolgabys (2)

Өз кезегінде айналасына байыппен қарайтын Байжан ағамыз қолұшын созып, қамқорлық танытқан аудандық мәдени-демалыс орталығының ұжымына әкелік алғысын жаудырып, ақ батасын берді.

Алтынбек Ысқақ,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале