Биыл елімізде орын алған төтенше жағдай мен карантиндік шектеулер бірқатар мекемелердің жұмысына кері әсерін тигізді. Осының салдарынан көп мекеме қызметкерлері жұмысын онлайн жүргізуге мәжбүр болды.
Туындаған қиындықтарға қарамай оқырманына қызықты онлайн шаралар өткізіп, кітапсүйер қауымның көңілінен шығар қызмет көрсеткен Бәйтерек аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Зәуреш Габдулиева Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұналбаеваның атынан Қазақстан кітапханалар альянсының «Халық құрметі» төсбелгісімен марапатталды.
Көп жылдар бойы аудандық балалар кітапханасында қызмет жасап келе жатқан Зәуреш Шайдоллақызына марапатты облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов табыстады.
Аружан Аманжол,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер