7.10.2020, 14:56
Оқылды: 13

Президент: "Маска құнын айтарлықтай арзандату маңызды"

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс маскаларының бағасын арзандату шараларын қамтамасыз етуді тапсырды.

23210
«Қорғаныс маскаларына бағаны елеулі сомада төмендетуді қамтамасыз ету маңызды. Олардың құны басқа елдермен салыстырғанда, оның ішінде Ресейге қарағанда бұрынғысынша айтарлықтай жоғары болып тұр. Үкімет масканың шекті бөлшек сауда бағасын 60 теңге шамасында белгілеуді жоспарлап отыр. Маған хабарлағандай, Ресейде оның құны 20-дан 30 теңгеге дейін», – деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне бағаға қатысты талдау жүргізуді, сондай-ақ зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныс заттары бағытында баға саясатының мониторингін қамтамасыз етуді тапсырды. Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы елімізде коронавирусқа қатысты тестілеу бағасы әлі де жоғары екенін айтып, бұл тұрғыда тиісті шешім қабылдауды жүктеді.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале