8.10.2020, 17:07
Оқылды: 47

«Жастар керуені» жобасы жалғасын табуда

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас дем» жастар қоғамдық бірлестігі «Жастар керуені» ақпараттық-түсіндіру жобасын биыл да жүзеге асыруда. Бұған себеп – ауылдық жерлердегі жастардың атаулы жоба аясында өтетін іс-шараларға деген сұранысы.

Jastar (1)

«Жастар керуені» жобасы жыл өткен сайын шыңдалып, құрамына білікті мамандар мен тренерлер қосылуда. Биыл да атаулы жобаның өзіндік ерекшеліктерін байқауға болады.

Jastar (2)

Аталған жоба еліміздегі орын алған эпидемиологиялық және карантиндік жағдайларға байланысты кейінге шегеріліп келді. Соңғы уақытта еліміздегі ахуал оңалуына орай аталған жоба ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап жүзеге асуда. Барлық өткізілген іс-шаралар санитарлық талаптарды сақтай отыра жүзеге асырылуда.

Jastar (2)

Керуен құрамындағы мемлекеттік бағдарламалар, кәсіпкерлік, отбасы тәрбиесі бағытындағы тренерлер, жоғары лиганың жайдарманшылары, облысымыздың жас өнерпаздары мен спортшылары ауыл жастарының жан-жақты дамуына септігін тигізетіндігіне сеніміміз мол. Олардың әрқайсысы өз саласы бойынша жастармен жұмыстанып, кәсіп ашудың жолдары, мемлекеттік кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарламаларын түсіндіру, отбасы тәрбиесі ата-ананың қоғамдағы рөлі, жоспарлы отбасын құру мәселелері төңірегінде арнайы отырыстар өткізді.

Jastar (3)

Шара соңында керуен құрамындағы жас өнерпаздар мен жайдарманшылар ауыл жастарына арнап концерттік бағдарлама ұсынды.

Jastar (5)

Jastar (6)

Т.Мауленов,

"Жас дем" ЖҚБ қызметкері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале