12.10.2020, 20:45
Оқылды: 39

Кеңсеге барып жұмыс жасайтын қазақстандықтар саны 25 пайызға қысқарған

Кеңсеге барып жұмыс істейтін қазақстандықтар саны 25 пайызға азайды. Бұл туралы Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мәліметінде айтылған.

36293A46-0B9B-46A8-B832-6CCE71E4C9AA

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (ЕРДО) мамандары Google деректеріне сүйене отырып тұжырымдағандай, 2020 жылғы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығындағы бір аптада қазақстандықтардың жұмыс орнында болуы, яғни 2020 жылдың басындағы көрсеткішке қарағанда 74-75 пайызды құрады. «Адамдардың жүріп-тұруына жасалған талдау барысы, тұтастай қарағанда карантиндік шектеулерді енгізу және алып тастау мерзіміне сәйкес келеді. Мәселен, жұмыс орындарына барудың айтарлықтай бәсеңдеуі 16 наурызда басталып, бақылау мәндері тұрғысында 14% төмен болды, ал наурыздың аяғы мен сәуірдің басындағы жаппай карантиннің басында жұмыс орындарына келу әдеттегі көрсеткіштен 46-дан 55 пайызға дейін ауытқыды», - деді ЕРДО болжау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Қаңтардағы көрсеткіштерге маусымның басындағы белгілі бір аралық уақыт жақын болды (жұмысқа бару - 78-80%). Содан кейін жұмыс орындарына бару қайтадан шілденің ортасындағы 60-63%-ға дейін төмендеуін жалғастырды. Одан соң бірқалыпты өсім қазіргі 74-75%-ға дейін көтерілді. «Біз аталған қазақстандықтардың 25-26 пайызы жұмыссыз қалды демейміз. Керісінше, олардың басым бөлігі қашықтан жұмыс істеуге ауысты деп санаймыз», - деп нақтылады талдаушы. Google мәліметін зерделер болсақ, олардың деректер шоғыры COVID-19-пен күресудің жаңа шектеулеріне және басқа шараларға байланысты адамдардың мінез-құлқының қалай өзгергенін көрсетеді. Есептерде адамдардың үйлерінен қаншалықты жиі немесе сирек шығатындығы және сауда орындары, ойын-сауық орталықтары, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, саябақтар, вокзалдар және тағы басқа жерлерге баратыны көрініс тапқан. Биылдың 3 қаңтарынан 6 ақпанына дейінгі және 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығындағы бақылау кезеңдерін салыстырар болсақ, мейрамханалар, дәмханалар мен сауда орталықтарына барудың 14-17 пайызға, ал саябақтарға барудың 5-7 пайызға төмендегені анықталады. Азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға бару, сондай-ақ халықтың тұрғын аудандардағы қозғалысы іс жүзінде өзгерген жоқ.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале