13.10.2020, 15:21
Оқылды: 149

Оралда 50 мың теңге кімдерге беріледі?

Елбасы тапсырмасымен "Nur Оtan" партиясы "Birgemiz" қорынан елдегі әлеуметтік тұрғыда әлсіз 100 мың отбасына бір реттік көмек – 50 мың теңге бермек. Қорға осы мақсатта 5 миллиард теңге аударылған.

1591185058_news_full15735368252faf5d3c84c73cd2e8ce5e49b4a4885c

"ҚазАқпарат" халықаралық агенттігінің мәліметінше, 50 мың теңге қаражатты алушылардың 7 санаты бекітілген. Олардың қатарында тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар, мұқтаж мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын және халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын зейнеткерлер, жетім балалар (тұл жетім балалар мен асыраушысының бірінен айрылған балалар), Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектер және соларға теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері бар.

Бірақ сүбелі қаражаттан БҚО-дағы ауыл тұрғындарына үлес берілмейді. Бұл ақпаратты "Nur otan" партиясы облыстық филиалының бөлім меңгерушісі Гаухар Шайхиниязова растады.

–  50 мың теңге Орал қаласы бойынша ІІ топ мүгедектері мен ең төменгі зейнетақы алушыларға төленетін болады. Яғни бұрын осы көмекке қол жеткізбеген, қалада тұратын 4944 отбасына төленеді. Ауылдағыларға қаражат бөлу қарастырылмаған. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекет корпорациясының мәлімет базасынан алынған тізім бойынша аталған екі санаттағы адамдарға бүгіннен бастап 50 мың теңге төленуде, – деді Гаухар Шайхиниязова.

Нұртай Алтайұлы,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале