Кезекті облыстық «Алтын дала» күзгі туриадасы мәреге жетті. Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы ұйымдастырған туриада биыл облысымызда балалар туризмінің негізін қалаған педагог Виктор Фоминді еске алуға арналды.
«Алтын дала» күзгі туриадасының басты мақсаты – оқушылардың туристік-спорттық шеберліктерін шыңдау, салауатты өмір салтын насихаттау, жаяу туризм техникасын дамыту. Оған жалпы орта білім беретін мектептердің 6-9 сынып оқушылары, туризм орталықтарының оқушылары қатысты. Аталған жарыста биыл Бәйтерек ауданы атынан Железнов, Белес орта мектептерінің оқушылары бақ сынап, жалпыкомандалық есепте II орын иеленді.
– Жарыс жеке қашықтық бойынша оздырылды. Аудан атынан сынға түскен жеті оқушы жарыс жолына шығып төрт үздік нәтиже бойынша жалпы команданың қорытындысы шығарылды. Оқушыларымыздың көрсеткіші жоғары болды. Соның арқасында аудан командасы жақсы нәтижеге қол жеткізді, – дейді аудандық жас туристер стансасының бөлім меңгерушісі Дмитрий Мухин.
Аружан Болатбекқызы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер