19.10.2020, 15:45
Оқылды: 15

Коронавирустың адам ішін өткізетін жаңа түрі пайда болды

Коронавирустың жаңа формасы пайда болды. Оның айрықша белгісі адамның іші өтіп, асқазан ішек жолдары ауырады.

коронавирус-2-3-750x422

Бұл туралы Қытай ғалымдары мәлімдеуде. Айта кету керек, инфекция әзірге шошқалардан бой көрсеткен, бірақ адамға да жұғу қаупі жоғары. Айтпақшы бұл ақпарды АҚШ-тың Солтүстік Каролина университетіндегі мамандар да қуаттап отыр, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Ковидтің аталған түрі алғаш рет 2016 жылы жарқанаттан шошқаға жұққан екен. Ескеретін жайт, ол өзге де ұсақ жануарлар мен жәндіктерге таралуы мүмкін. Дегенмен бұл анау айтарлықтай сенсация емес.

«Бұл жаңа індет емес. COVID-19-дың бір түрі. Коронавирус белгілерінің 8 түрлі штаммы бар. Егер де біреуіне қарсы имунитет қалыптасса, басқаларымен де түптің түбінде адам ауыруы мүмкін. Бірінші жолы өкпе ауырса, мына жағдайда вирус асқорыту жүйесінің клеткаларына зақым келтіреді. Оның алдын алудың жалғыз ақ жолы бар. Жеке бас гигиенасы, маска және әлеуметтік арақашықтық», – дейді Астана медицина университеті Инфекциялық аурулар кафедрасының доценті Зәуреш Смағұлова.

Ал қазір айдай әлем коронавирустың екінші толқыны туралы айтып жатыр. Бізде ол бар немесе жоқ деп айтылмайды. Келуі мүмкін, бірақ дайын болуымыз керек деген ұстаным бар.

Апта бойы індет жұқтыру жайттары біртіндеп өсіп келе жатыр. Қатаң карантинге жабылған Солтүстік Қазақстан облысының екі ауданын айтпағанда, елімізде біртіндеп алдын алу шаралары қолға алынуда. Маңғыстау мен Атырау облыстарында да тәртіп күшейтілді.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале