20.10.2020, 10:21
Оқылды: 68

Білім министрлігі екінші тоқсандағы оқу туралы: Денсаулық министрлігінің шешімін күтеміз

Әлеуметтік желілерде 2021 жылы оқушыларды қашықтан оқыту форматы жалғасатыны жайлы ақпарат тараған еді. Білім және ғылым министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды.

0b5de470bdace90bd6cfb2541eb79f99

«Алғашқы тоқсан 5 қарашада аяқталады. Санитариялық дәрігерлердің талаптары бойынша оқушылар негізінен қашықтан оқуда. Ата-аналардың талап-тілектері бойынша 1-4 сынып оқушылары санитариялық талаптардың сақталуымен кезекші сыныптарда білім алып жатыр. Бір сыныпта оқушылардың саны 15-тен аспауы керек. Екінші тоқсан бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің шешімін күтіп отырмыз. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер тиісті қаулы шығарады. Денсаулық сақтау министрлігінен шешім шыққаннан кейін оны бірден хабарлайтын боламыз», - деді Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек. Оның айтуынша, карантин шектеулері жағдайында оқыту форматы туралы шешімді Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қабылдайды.

«Мектеп жұмысының форматы кинотеатрлар, сауда орталықтары, фитнес-орталықтар секілді санитариялық дәрігерлердің шешімі мен эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Тек шынайы ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Жалған ақпарат таратқан адамдардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», – дейді Гаухар Омарбек.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале