Бәйтерек ауданында «Қару» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде.
Аудандық полиция бөлімі ұйымдастырған профилактикалық шара аудан аймағында қаруды заңсыз қолдану арқылы жасалатын қылмыстар мен қаруды ұрлау фактілерін болдырмау, сондай-ақ заңсыз сақталған қаруды анықтау мақсатында жүргізіледі.
Заңсыз қару айналымын бақылау шарасының осы күнге дейінгі қорытындысы бойынша, ауданда тіркелген 261 қару иелерінің 145-і тексерілген. Бүгінгі таңда қаруды тіркеу тәртібін бұзған - 4, сатып алу және сақтау ережелерін бұзған 2 азамат анықталды. Оларға әкімшілік хаттама толтырылып, қарулары тәркіленіпті.
Осы орайда Бәйтерек аудандық полиция бөлімі қызметкерлері аудан тұрғындарынан қару құжаттарын уақтылы рәсімдеп, заң бұзушылыққа жол бермеулерін сұрайды.
Аружан Аманжол,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz