21.10.2020, 16:47
Оқылды: 37

Қару тіркеу тәртібін бұзған төрт азаматқа хаттама толтырылды

Бәйтерек ауданында «Қару» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде.

B0D321BE-9217-477D-9A2A-063B976A0334

Аудандық полиция бөлімі ұйымдастырған профилактикалық шара аудан аймағында қаруды заңсыз қолдану арқылы жасалатын қылмыстар мен қаруды ұрлау фактілерін болдырмау, сондай-ақ заңсыз сақталған  қаруды анықтау мақсатында жүргізіледі.

Заңсыз қару айналымын бақылау шарасының осы күнге дейінгі қорытындысы бойынша, ауданда тіркелген 261 қару иелерінің 145-і тексерілген. Бүгінгі таңда қаруды тіркеу тәртібін бұзған - 4, сатып алу және сақтау ережелерін бұзған 2 азамат анықталды. Оларға әкімшілік хаттама толтырылып, қарулары тәркіленіпті.

Осы орайда Бәйтерек аудандық полиция бөлімі қызметкерлері аудан тұрғындарынан қару құжаттарын уақтылы рәсімдеп, заң бұзушылыққа жол бермеулерін сұрайды.

 Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале